Палата мүшелерінің жалпы жиналысы оның жоғары басқару органы болып табылады.

Палата мүшелерінің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.

Палата мүшелерінің жылдық жалпы жиналысы Палата басқармасының шешімі бойынша жыл сайын шақырылады.

Палатаның атқарушы директорының ұсынысы бойынша палата Басқармасы Палата мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу уақытын, орнын, сондай-ақ күн тәртібінің айқындайды.

Палата мүшелері жалпы жиналысты шақыру күні, ұсынылатын күн тәртібі туралы жалпы жиналысты шақыру күніне дейін, күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етіледі. Хабарламада жиналыстың өткізілетін уақыты мен орны, сондай-ақ болжамды күн тәртібі көрсетілуі тиіс. Жиналыс жарияланған уақыттан бұрын ашылмайды. Бырақ Палатаның барлық мүшелері немесе олардың өкілдері тіркелген, хабардар етілген және жиналыстың ашылу уақытының өзгеруіне қарсы болмаған жағдайда, жиналыс жарияланған уақыттан бұрын ашылуы мумкін.

Палата мүшелерінің кемінде үштен бірі не олардың уәкілетті өкілдері қатысқан жағдайда жалпы жиналыс заңды деп есептеледі.

Жалпы жиналыста Палата мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда жалпы жиналыс қайта шақырылуы тиіс. Қайта шақырылған жиналыс қатысып отырған Палата қатысушыларының санына қарамастан заңды деп есептеледі.

Қайта өткізілетін жалпы жиналыстың күн тәртібі болмай қалған жалпы жиналыстың күн тәртібінен ерекшеленбеуі тиіс.

Жиналыстың жұмыс регламенті, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер мен ұсыныстар Палатаның қатысып отырған мүшелерінің көпшілігімен қабылданады, Палатаның қатысып отырған әрбір мүшесі бір дауысқа ие.

Палата мүшелерінің жалпы жиналысында шешімдер қатысып отырған мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Кезектен тыс жалпы жиналыс Палата Басқармасы Төрағасының, Палата Басқармасының шешімі бойынша немесе Палата мүшелерінің 1/3 бөлігінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

Палата мүшелері жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:

  • Палатаның Жарғысын бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Палатаның қағидалары мен стандарттарын бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Палатаның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
  • Палата Басқармасының сандық құрамын айқындау, Палата Басқармасының Төрағасы мен мүшелерін сайлау, Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін тұтастай немесе бір бөлігінде мерзімінен бұрын тоқтату;
  • Палата басқармасының ұсынысы бойынша Палатаның атқарушы директорын қызметке тағайындау және оны мерзімінен бұрын қызметтен босату;
  • Палата басқармасының ұсынысы бойынша Тексеру комиссиясының сандық құрамын анықтау;
  • Палатаның тәртіптік комиссиясы туралы ережені бекіту;
  • ықпал ету шараларын, оларды қолданудың тәртібі мен негіздерін, Палата мүшелерінің Палатаның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, Палатаға мүшеліктің өзге де шарттарын бұзуы туралы істерді қарау тәртібін бекіту;
  • Палата қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру және пайдалану қағидаттарын айқындау;
  • Палата басқармасының, Атқарушы директордың, тексеру комиссиясы мен мамандандырылған органдардың есептерін Палатаның жарғысында немесе Палатаның жалпы жиналысында белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және кезеңділікпен бекіту;
  • Палатаның бюджетін бекіту, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, Палатаның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
  • Палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау, таратушыны немесе тарату комиссиясын тағайындау;
  • адамдардың өтініштерін Палата мүшелерінен негізсіз шығару тұрғысынан қарау;
  • Палатаның қағидалары мен стандарттарын бекіту;
  • Палатаның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігінің жүргізілуін тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына және палатаның жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау.

Палата мүшелерінің жалпы жиналысы Палата қызметіне қатысты кез келген басқа мәселені қарауға қабылдауға құқылы.a